Ресей қорғаныс министрлігі: Киев Ресей-АҚШ келіссөзін бұзу үшін арандату ұйымдастырмақ

1495
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Lnxe66QaKmegDjwIjVYHo8Jh3UWUodqoabCzZqNF.jpg

Киев Путин мен Трамп келіссөзін бұзу үшін арандатуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Осы мақсатта 11 тамыз дүйсенбі күні Украина қауіпсіздік қызметінің автокөліктерімен шетелдік БАҚ-тың бір топ журналисі «майдан маңындағы қала тұрғындары туралы бірнеше репортаж дайындау» деген жалған желеумен Харьков облысы Чугуев қаласына жеткізілді»,—деді министрлік.

Ресей әскері Украина Қарулы күштері ракеталар немесе дрондар арқылы көп халық тұратын ауданға немесе көп зардап шеккен азаматтар бар ауруханаға шабуыл жасауы мүмкін деп болжауда.

«Бұл әрекет Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп кездесуі алдында жағымсыз ахуал жасау мақсатында жасалмақ»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін ТАСС басылымы АҚШ пен Ресей президенттерінің 15 тамыз күні Анкоридж қаласында (Аляска) кездесуі өтетінін жазған еді.

Comments
Other materials