Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік концертте 15-тен астам бала жоғалғаны туралы дерек тіркелген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Іс-шара өткен Қарауыл ауылына 20 мыңнан астам адам жиналған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адамдар көп шоғырланғандықтан, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарған.
Жоғалған арлық балалар дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды. Полиция қызметкерлері балаларды іздестіру үшін тікелей эфирге шығып, олардың бейнелерін концерт сахнасындағы үлкен экранда көрсеткен. Бұл ата-аналардың өз балаларын тез тануына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар патрульдік полиция автокөлік қозғалысын реттеп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілді. Полиция полковнигі Ернар Базаровтың айтуынша, күшейтілген режимдегі жұмыс істеген.
YERBOLAT MUHAMMEDZHAN: Do deputies without legal education have the moral right to discuss and pass laws ?!