Алматыда ботаникалық бақта аққуға қатыгездік көрсеткені үшін 42 жастағы ер адам жеті тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 5 тамыз күні болған. Куәгерлер екі ер адамның құстарға дөрекі әрекет жасағанын видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Олардың бірі аққудың мойнынан ұстаған. Бақылау камералары арқылы құқық бұзушы анықталып, ұсталды.
Ботаникалық бақтағылардың айтуынша, құстың жағдайы жақсы, оны орнитологтар бақылап отыр.
Келушілерден қорғау үшін тоғанның айналасына қоршау орнату жоспарлануда.
Әкімшілік жануарлар мен өсімдіктерге қатысты кез келген агрессивті немесе құрметсіз әрекеттер үшін жаза қолданылатынын атап өтті.
Related news
Gurbanguly Berdymukhamedov became a member of the Council of Elders of the Organization of Turkic States