Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов “Росатом” мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кездесу барысында Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысын бастау ресми түрде іске қосылғаны айтылды.
Тараптар қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыру тетіктерін, отандық жабдықтар мен материалдарды пайдалану, кадр даярлау және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ядролық-отын циклі процестерін жергіліктендіру және халықаралық консорциум қалыптастырудың практикалық қырлары қаралды.
Премьер-министр АЭС құрылысы президенттің тікелей бақылауында екенін және үкімет жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қолдау көрсететінін атап өтті.
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar