Президент Түрікменстан жеріне барып, БҰҰ аясында өткен теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған конференцияға қатысқанын білетін шығарсыздар.
Ол жерде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш те қатысты. Ол жақында ғана Алматыға келіп, ұйымның кеңсесінде болды. Жалпы бұл маңызды шаралар ма?
АҚШ 2021 жылы Ауғанстаннан әскерін шығарған кезде бұл елдегі жағдай ушықты. Сол уақытта БҰҰ өзінің өңірлік кеңсесін Алматыға көшірген еді. Кейінірек өңірлік орталық түбегейлі Алматыға орын теуіп, арнайы кеңсесі ашылатыны белгілі болды.
Осылайша, Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының маңызды хабына айналды десек те болады.
Алматы ендігі жерде Женева, Вена, Рим, Найроби, Амман секілді қалалармен бір қатарда тұр. Демек, БҰҰ Қазақстанды өңірдегі тұрақты мемлекеттің бірі санайды. Еліміз ұстанып отырған сыртқы саясатқа қолдау білдіреді деген сөз.
Қазақстанға келген Антониу Гутерриш те елімізге жоғары баға берді. Қазақстанды бейбітшілік пен даналықтың символы, халықтар арасындағы алтын көпір, мәмілегер ретінде есептейтінін жеткізді. Мұны дипломатиялық сыпайылық емес, еліміздің ұстанған сыртқы саясатының халықаралық аренада бағаланғаны деп білген жөн.
Сондай-ақ Гутерриш мырза Тоқаевтың көрегендігін де ерекше атап өтті. Ұзақ уақыт бойы дипломатия саласында жүргенін, БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесін басқарғанын жоғары бағалап, халықаралық құқықты сақтап, әлемдегі тұрақтылықты сақтауға үлес қосып келе жатқанын сөз етті.
БҰҰ-ның Ауғанстан және Орталық Азия жөніндегі кеңсесінің Алматыда ашылуы, оған Гутерриш мырзаның өзі келіп қатысуы, Тоқаев пен Қазақстанға баға беруі еліміздің абыройын асқақтатып тастады десек, қателеспейміз.
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis