6 тамыз күні Гананың қорғаныс министрі Эдвард Омане Боама мен қоршаған орта, ғылым және технология министрі Ибрагим Муртала Мұхаммед тікұшақ апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы елдің қарулы күштері бас штабының басшысы Джулиус Дебрахқа мәлімдеген.
Тікұшақ елдің оңтүстігінде, Акрофуон қаласының маңында апатқа ұшырап, жерге құлағаннан кейін отқа оранған.
Апат салдарынан төрт адам, оның ішінде екі министр қаза тапты.
Министрлер жедел алынған ақпарат бойынша табиғи ресурстардың заңсыз өндірісі жүріп жатқан аймаққа бара жатқан. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталғаны айтылды.
Related news