Пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті мен ауыр жарақат алған бала табылды

1061
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3yKSF0whorHPb2ToDcp6v6NaNSeSSWc3NjCuQhT9.jpg

Қостанай қаласында Толстой көшесіндегі пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық ПД сілтеп.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм бұл үйде тұрмаған. Куәгерлердің айтуынша, ол пәтерге заңсыз кіріп, сол үйде болған кәмелетке толмаған баланы ауыр жарақаттаған. Кейін өзіне-өзі қол жұмсаған.

Қостанай облыстық полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомство мәлімдемесіне сәйкес, қазіргі уақытта кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйіт табу фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жарақат алған бала медициналық мекемеге жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілуде. Оқиға жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызды. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр.

Comments