Тазалық - таза санадан!

2032
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mu9OyZ6ZrEwJ2IHr4IQoGMIdnhwmvc7LOT0Y96jN.jpg
Қазақстан - кең-байтақ! Қаншама көрікті жерлеріміз бар: Бурабай, Балқаш, Баянауыл, Қарқаралы, Марқакөл, Бозжыра, Көлсай, Шарын! Санай берсең сүйсіне түсесің!
Сондай әдемі жерді көруге, келіп демалуға құштар азаматтар көбейді. Отандық туризмге жан бітіп келеді. Бұл - құптарлық жағдай!
Әйтсе де табиғаттың сұлу жаратылысын қолдан бүлдіретіндер де аз емес. Оқжетпестегі мына қошқар тастарға аттарын шимайлап кеткен жандар өз “есімдерін мәңгілікке” қашап кеттік деп ойлай ма екен!?.
Болмаса Ақтаудағы Солнышко жағажайындағы үйілген қоқыстар мәдениет белгісі ме?!.
Мемлекет басшысы “Таза Қазақстан” деген бастама көтерді! Жүрген жер, отырған орын, болған тұстарымызды таза ұстауға не кедергі?
Неге біз өз өлкемізді қоқыс алаңына айналдыруға құмармыз?
“Тәрбие - талбесіктен” деген бар. Тазалық таза санадан басталады! Сондықтан, үлкен де, кіші де тәрбиеге аса мән беріп, тазалықты жас ұрпақ санасына жастай сіңіруге күш салған дұрыс!
Comments
Other materials