Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясының тарифтері көтеріледі

1502
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zxb1l183ze0OQkFFgcjRfvb6sEu2n86sFNExXKgX.jpg

1 тамыздан бастап Қазақстанда электр энергиясына жаңа шекті тарифтер күшіне енеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-ке сілтеп.

Тиісті бұйрық "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" құжат 29 шілдеде ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы тарапынан қол қойылып, жарияланды.

Жаңа тарифтер еліміздің түрлі аймақтарында электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын бірқатар компаниялар үшін бекітілді. 

Әр өңірде 0,70 теңгеден бастап, 3 теңгеге дейін қымбаттаған.

Жамбылда 22,58 теңгеден 23,25 теңге/кВт·сағ, Ақтөбе ЖЭО – 17,54 - 18,19 теңге/кВт·сағ, "Жайықтеплоэнерго" АҚ – 13,25 - 13,95 теңге/кВт·сағ, МАЭК-Казатомпром – 22,16 - 23,26 теңге/кВт·сағ, "Кристалл Менеджмент" АҚ – 15,27 - 16,09 теңге/кВт·сағ, "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – 21,11 - 23,58 теңге/кВт·сағ, Z-Энергоорталық – 16,77 - 18,46 теңге/кВт·сағ, Қызылорда жылуэлектрорталығы – 12,10 - 13,13 теңге/кВт·сағ, "Батые Пауэр" ЖШС – 15,89 - 17,63 теңге/кВт·сағ, Karabatan Utility Solutions ЖШС – 10,67 - 13,06 теңге/кВт·сағ, "ӨзенМұнайПром" ЖШС – 26,92 - 28,68 теңге/кВт·сағ, "ТНК Казхром" АҚ – 10,67 - 11,65 теңге/кВт·сағ, ССГПО АҚ – 18,82 - 18,94 теңге/кВт·сағ.

Сонымен қатар, энергия өндіретін ұйымдардың 63-тобына арнап 44,02 теңге/кВт·сағ көлемінде жеке тариф белгіленді.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тарифтердің өсуі жалғасатынын растаған болатын. Алайда ол тарифтер күрт көтерілмей, біртіндеп және есеппен түзетілетінін атап өтті. Бұл инфляцияға кері әсерді барынша азайтуға бағытталған.

Бектеновтың айтуынша, қазіргі тарифтік саясат инфрақұрылымды жаңғырту және жаңарту үшін аса қажет. Бұл, әсіресе, 2022–2023 жылдары Екібастұз, Риддер және басқа қалаларда болған жылу-энергетикалық апаттардан кейін өзекті болып отыр.

Тарифтердің өсуі, ең алдымен, өндіруші және энергия жеткізуші кәсіпорындарға қатысты. Алайда бұл тұрғындарға арналған түпкілікті тарифтерге де әсер етуі мүмкін. Дегенмен, әр өңірдегі жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополияларды реттеу комитеті бұл өсімді қалай және қашан тұрғындарға жеткізетінін қосымша хабарлайды.

Comments