30 шілдеде әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті ректорлық ғимараттың 14-қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл мәліметті мегаполистің полиция департаменті растады.
“Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда”, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Ведомствоның алдын ала деректеріне сүйенсек, оқиғаның себебі ретінде отбасылық жағдайлар аталған.
Сондай-ақ полиция азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартып, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe