27 шілдеде Германияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Теміржол апатынан 3 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға Баден-Вюртемберг федералды жеріндегі Ридлинген қаласы маңында болған. Штутгарт полициясының мәліметінше, Deutsche Bahn компаниясына тиесілі аймақтық экспресс пойыз Зигмарингеннен Ульмге бағыт алып бара жатқан. Пойызда шамамен 100 жолаушы болған. Апат салдарынан екі вагон рельстен шығып кеткен. Кейбір вагон орманды алқапқа құлаған.
Әзірге қайғылы оқиғаның себептері ресми түрде жарияланған жоқ.
«Тергеу басталды. Қазір оқиға орнында заттай айғақтар жиналуда. Оқиғаның мән-жайын толық айтатын боламыз», — деді Ульм қаласы полициясының баспасөз хатшысы Свен Франкен.
Related news
The Presidents of Kazakhstan, Azerbaijan, and Uzbekistan signed an important agreement on “green” energy
A presentation of books published within the framework of the "New Kazakh Literature" project was held in Almaty