Германияда пойыз апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты

1086
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OSorGd3LA0QHf0OFAtj6S47P6emhus58EPUwmAXo.webp

27 шілдеде Германияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Теміржол апатынан 3 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға Баден-Вюртемберг федералды жеріндегі Ридлинген қаласы маңында болған. Штутгарт полициясының мәліметінше, Deutsche Bahn компаниясына тиесілі аймақтық экспресс пойыз Зигмарингеннен Ульмге бағыт алып бара жатқан. Пойызда шамамен 100 жолаушы болған. Апат салдарынан екі вагон рельстен шығып кеткен. Кейбір вагон орманды алқапқа құлаған.

Әзірге қайғылы оқиғаның себептері ресми түрде жарияланған жоқ.

«Тергеу басталды. Қазір оқиға орнында заттай айғақтар жиналуда. Оқиғаның мән-жайын толық айтатын боламыз», — деді Ульм қаласы полициясының баспасөз хатшысы Свен Франкен.

 

Комментарии
Другие материалы