Тоқаев дәрігерлерге күш көрсеткендерге жазаны қатаңдатуды тапсырды

1624
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/tokaev.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш қолдануға қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәліметінше, Мемлекет басшысы Парламент депутаттары, медицина саласының өкілдері мен белсенді азаматтардың денсаулық сақтау қызметкерлеріне күш көрсету және қатыгездік танытқандарға қатысты жазаны күшейту жөніндегі ұсыныстарын қолдайды.

«Президент Үкіметке заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуді тапсырды. Бұл өзгерістер азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Парламентте талқыланатын болады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жеке клиникада науқас дәрігерге шабуыл жасаған болатын. Оқиға медициналық мекеме ішінде болған және бейнежазба әлеуметтік желіде тез тараған.

Comments