Қазақстан құрамасы жазғы Универсиададағы алғашқы алтынды иеленді

4500
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FelbATCQZNs1pzH3YHYos2eMNUe8mfqrABDK6Oeu.jpg

Германияда өтіп жатқан XXXII жазғы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальге қол жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алтын медальді таеквондошы Самирхон Абабакиров жеңіп алды.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы финалда түркиялық Омер Фарук Дайыоглумен кездесіп, екі раундта да басым түсіп (12:11, 11:3), 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Абабакиров жарыстың алтын жүлдегері атанды.

Бұл — Қазақстанның Универсиада-2025 аясында таеквондодан жеңіп алған алтыншы жүлдесі. Бұған дейін Дамир Шуленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан және Нодира Ахмедова қола медаль иеленген болатын.

Самирхон Абабакиров турнир барысында бес кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Жазғы Универсиадаға еліміздің атынан 76 спортшы 12 спорт түрі бойынша қатысуда. Универсиада Германияның Рейн-Рур өңірінде 16–27 шілде аралығында өтеді.

Comments