Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан дәстүрлі Рейн жәрмеңкесінде (Рейнкирмес) отшашу кезінде болған жарылыстан 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
Жарылыс 19 шілдеге қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, отшашулардың бірі белгіленген межеге жетпей, төменгі деңгейде жарылып кеткен. Зардап шеккендердің төртеуі – балалар, олар ауыр жарақат алды. Полиция бұл оқиғаны кездейсоқ апат деп бағалап отыр.
Жоспар бойынша мерекелік шара таңға дейін жалғасуы тиіс болған, алайда төтенше жағдайға байланысты кешкі 22:45 шамасында ерте аяқталды. Оқиға орнына шамамен 80 құтқарушы мен өрт сөндіруші жұмылдырылды. Жараланғандарға жедел медициналық көмек көрсетіліп, кейбірі ауруханаға жеткізілді.
Рейн жәрмеңкесі бір апта бұрын басталған. Бұл – Германиядағы ең ірі ашық аспан астындағы мерекелердің бірі саналады. Биылғы басты көріністердің бірі ретінде 1 000 дронмен өткізілген екі дүркін әуе шоуы аталды.
Kuanysh Yergaliev was appointed as the Vice Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan