Перизат Қайрат ісі. Сот барысында айыпталушының анасына байланысты үзіліс жарияланды

1234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/a4bCsPe9Kr8BPuXxo88bcGP77K817qpF7hYDIF23.jpg

Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша өтіп жатқан негізгі сот процесінің төртінші күні айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваның жағдайы нашарлап, сот отырысына үзіліс жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Сот отырысы барысында залда отырған Ғайни Алашбаева өзін кенеттен жайсыз сезінген. Сот төрағасы оның жағдайын ескеріп, үзіліс жариялауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта айыпталушының анасына медициналық көмек көрсетілгені туралы нақты ақпарат берілген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі сот отырыстарында қоғам белсенділері мен куәгерлер жауап берді. Атап айтқанда, күні кеше "Асар-Уме" қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев сотта Перизат Қайратпен қайырымдылық жобаларындағы серіктестігі туралы баяндады. Оның айтуынша, олар біраз уақыт бойы әлеуметтік көмектер бағытында бірлесе жұмыс істеген.

Бұған дейін сотта тағы бір куәгер, ірі компания өкілі Перизат Қайраттың шотына 200 миллион теңге аударғанын растады. Бұл қаржының нақты қандай мақсатта пайдаланылғаны тергеу барысында тексеріліп жатыр.

Comments