Абай облысында Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы даулы видеодан кейін қызметінен босатылды, жеп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам Шар қаласындағы полиция бөлімшесінің кіреберісінде полиция қызметкерлеріне рогаткамен оқ атып жатқан сәті түсірілген.
Желі қолданушыларының айтуынша, рогатка ұстаған ер адам – жергілікті полиция бөлімінің подполковник шеніндегі бастығы, ол осылайша өз қызметкерлерін “тәрбиелеп жатыр” делінген.
Абай облыстық полиция департаменті бұл видеодағы адамның расында Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы екенін растады. Қызметтік тексеріс аяқталған.
“Тәртіптік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Жарма ауданы, Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін лауазымынан босатылды”, – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Within the framework of the "Clean Kazakhstan" program, environmental activities continue in Akmola region