Бүгін, 14 шілдеде Астанадағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қылмыстық істі қарап жатқан судья Сабыржан Кәрімов БАҚ өкілдерін сот залынан шығару туралы шешім қабылдады. Ол кез келген уақытта құпия ақпарат жариялануы мүмкін екенін атап өтті.
«Бүгінгі күнге дейін БАҚ-тың 70-тен астам өкілі процесске қатысуға өтініш берді. Алайда сот сотталушылардың өтініші бойынша олардан жауап алу кезінде, соның ішінде түсініктемелер беру барысында және дәлелдемелерді зерттеу кезінде жариялылықты шектеу туралы шешім қабылдады. Себебі бұл мәліметтер құпия ақпаратты жариялауға әкеп соғуы мүмкін»,—деді ол.
Айта кетейік, дәл қазір БАҚ өкілдері сотта ұйымдастырылған баспасөз орталығында отырысты ZOOM арқылы тікелей эфирден қарап отыр.