Қырғызстанда шөп арасынан алып кесіртке табылды

1169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vqGlXQwnjn9fBrIfTsy24jbJjycbP8OstvGaKssp.jpg

Қырғызстанның Шамалды-Сай елді мекенінде шөп арасынан алып кесірткенің сирек кездесетін түрі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24kg мәліметінше, Жалал-Абад облысына қарасты Шамалды-Сай елді мекенінің тұрғыны шөп шабу кезінде тосын жайтқа тап болды. Кәдімгі жұмыс күні ол тиелген шөптен алып кесірткені — варанды тауып алған.

Мамандардың айтуынша, бұл – сұр немесе шұбар варан болуы мүмкін. Аталған кесіртке түрлері Қырғызстанның оңтүстігінде сирек кездеседі. Әсіресе ауа райы ысыған кезде олардың белсенділігі арта түседі.

Варан — кесірткенің ірі әрі сирек кездесетін түрі. Денесі ұзын, құйрығы жуан, тырнақтары өткір, ал тілі жылан секілді екі айыр болады. Табиғатта олар ұсақ жәндіктермен, кеміргіштермен және кейде өлексемен қоректенеді. 

Эколог мамандар осындай жағдайға тап болған азаматтарға қорықпауға кеңес береді.

«Кесірткенің бұл түрі адамға қауіп төндірмейді, тек өздерін қорғау мақсатында ғана әрекет етуі мүмкін. Мұндай сирек кездесетін жануарлар табиғаттағы биоәртүрліліктің бір бөлігі», – дейді мамандар.

Comments