Астана күні зообақтағы Астанаға торт тартылды

2410
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FzotPm58ykZmCKiqAyCi2XZmQ6ssUCljwpN8qXyk.jpg

6 шілде күні Шымкент қаласындағы зообақта «Астана» есімді керіктің туған күні аталып өтті. Ол биыл 15 жасқа толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жануар 2010 жылы 6 шілде күні Алматы зообағында туған. 2011 жылдың 13 қыркүйегінде Шымкентке әкелінген.

«Астананың» туған күні жыл сайын ерекше атап өтіледі.

«Ол – сабырлы мінезі мен сымбатты келбеті арқылы көрермендердің сүйіктісіне айналған нағыз жұлдыз. Астана күні дүниеге келгендіктен, оған осы атаулы күннің құрметіне есім берілген. Күніне 30 келі жапырақ жеп, бар болғаны бірнеше сағат қана ұйықтайтын бұл керік – күтімі жеңіл, табиғатпен үйлесімде өмір сүретін жануар. Жыл сайын шілденің 6-сы күні оның туған күні дәстүрлі түрде тойланады. Биыл біз оған арнайы торт дайындап, көрермендермен бірге ерекше көңіл күйде атап өттік»,—деді Шымкент зообағының баспасөз қызметі.

Comments