Курск облысында Ресейдің әскери-теңіз флоты бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Михаил Гудков қаза тапты. Бұл туралы Приморье өлкесінің губернаторы Олег Кожемяко айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ол 2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні офицерлік борышын атқару барысында қаза тапты. Командирмен бірге оның сенімді серігі, біздің ортақ досымыз Нариман Шихалиев те мерт болды», – деп жазды губернатор әлеуметтік желіде.
«АиФ Приморье» агенттігінің жазуынша, 1 шілде күні теңіз жаяу әскерлерінің далалық штабына бірнеше зымыран атылған. Сол сәтте басқару пунктінде Ресей әскери-теңіз флоты бас қолбасшысының орынбасары болған.
Гудков бұл қызметке биыл наурызда тағайындалған еді. Бұған дейін ол «арнайы әскери операция» кезінде көзге түскен Тынық мұхиты флотының 155-ші теңіз жаяу әскер бригадасын басқарған болатын.
Zhiguli ‘violated the charter.’ Dairabayev, who ran for the presidency, was dismissed from his position