Иран атом энергиясы агенттігімен ынтымақтастықты уақытша кейінге қалдырды

1099
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xRVbwX6NWM8RQj8Xh6og1zxkdMgEgYN067k62BgO.jpg

Иран президенті Масуд Пезешкиан Халықаралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтастықты уақытша тоқтату туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.

Жарлыққа сәйкес, агенттік қызметкерлерінің Иранға кіруіне уақытша тыйым салынды. Бұл шешім Иранның ядролық нысандары мен ядролық саладағы ғалымдарының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенге дейін күшінде болады.

Бұған дейін Иран парламенті тарапынан мұндай шешім елдің ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің келісімімен жүзеге асатыны ескертілген болатын.

Еске салайық, соңғы апталарда Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс күшейіп, Ирандағы бірқатар ядролық нысандарға соққы жасалған. Осыған байланысты Иран билігі ядролық саладағы мамандар мен нысандардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіруде.

Comments