28 маусым күні Мәскеу облысында Як-52 жеңіл моторлы ұшағы құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға Коломна қаласына жақын орналасқан Паново ауылының маңында болған. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, әуе кемесі жерге құлағаннан кейін бірден өртеніп кеткен.
Ресей ТЖМ аймақтық басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, апат орнында ғимараттарға зақым келмеген, ал өрт шамамен бес шаршы метр аумақта сөндірілген.
Қазіргі уақытта оқиға орнына 23 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Мамандар апаттың нақты себептері мен жағдайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Сондай-ақ құлаған ұшақтың Севёрка аэродромынан ұшып шыққаны айтылды.
Related news
Sensation. A historical artifact of the Turkic era was found in the courtyard of the house in the Almaty region
