2024 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының экипаж мүшелеріне арналған ескерткіш 26 маусым күні Ақтау әуежайы маңында орнатылды, деп хабарлайды “Адырна”.
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметінше, бұл монумент Әзербайжанның ұлттық батырлары – ұшқыш Александр Кальянинов пен бас бортсерік Хокумә Әлиеваға арналған.
Ақтау маңында өткен мемориалдың салтанатты ашылу рәсіміне қаза тапқандардың туыстары, авиация саласының өкілдері және жергілікті қауымдастық мүшелері қатысты. Қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Related news