Өзбекстанда абитуриенттер саны күрт төмендеді

1174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uPHgcmExgcIGdm8wqgOFBufAPiQDbMXwLl5DtwWY.jpg

Өзбекстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны онлайн режимде аяқталды. 5 маусым мен 25 маусым аралығында мемлекеттік қызметтер порталдары арқылы 732 411 талапкер тіркелген. Елдің Білім, ғылым және инновациялар министрлігі жанындағы Білім мен біліктілікті бағалау агенттігінің мәліметінше, бұл — соңғы жеті жылдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоғары және кәсіби оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлердің басым бөлігі (644 027 адам) оқыту тілі ретінде өзбек тілін таңдаған. 71 476 талапкер орыс тілінде, ал 14 959 талапкер қарақалпақ тілінде оқығысы келетіндерін көрсеткен. Ал басқа тілдерде оқуды қалағандар саны 1 949 адамды құраған.

Айта кетейік, былтыр 894 279 талапкер ЖОО-ға құжат тапсырған. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмен болып отыр.

Ал Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Comments
Other materials