Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейді әбігерге салған пилотсыз ұшатын аппараттар Қазақстан аумағынан ұшырылды дегенге саятын алып-қашпа әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды "Адырна"
"Қазақстан аумағынан Ресейге қарай пилотсыз ұшатын аппараттар жіберіліп жатқаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деді ол кезекті брифингіде.
Айбек Смадияров мұндай оқиғалардың бәрі құзыретті органдардың жіті бақылауында екенін еске салды.
"Бұл жерде техникалық сипаттағы мәселелер бойынша Қорғаныс министрлігіне жүгіну керек", - деді СІМ ресми өкілі.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.