Өзбекстан президенті мемлекеттік сапармен Моңғолияға барады

820
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NjpuuubNmjc0TClBvN7IO4GELXEAmOAPkECN8VRL.png

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2025 жылдың 24–25 маусымы аралығында Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл мемлекеттік сапар – 1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі Өзбекстан президентінің Моңғолияға алғашқы сапары және 2024 жылы Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарына жауап ретінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сапар аясында Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ресми келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты кеңейту және дамыту, сондай-ақ аймақтық және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасады.

Айта кетсек, Моңғолия мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 25 қаңтарда орнаған.

Comments