Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

774
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xayWelrLlwts2uugrdCmqOxIPyJI4zBq9SnOneJT.webp

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаржылық мониторинг агенттігі Кайрат Боранбаевтың ағасы, кәсіпкер Мұрат Боранбаевтың ұсталғанын растағаны туралы ақпарат кеше тараған еді.

Алайда БАҚ беттерінде бүгін оның босатылғаны айтылуда.

Ол Алматыда ақылы автотұрақ жүйесін іске қосу кезінде жасалған қаржылық ұрлық дерегі бойынша мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 

2024 жылдың желтоқсан айында Мұрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Осыған байланысты Бас прокуратура жанындағы Мемлекеттік активтерді қайтару комитеті ресми түсініктеме берді.

«2024 жылғы 18 желтоқсанда бұл қылмыстық іс Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінің өндірісіне қабылданды. Іздеуде жүрген Мұрат Боранбаев өз еркімен келіп, ұсталды. Оның өтініші негізінде, Қылмыстық-процестік кодекстің 617-3-бабы және “Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы” заңының 25-бабына сәйкес, кінәні мойындап, заңсыз алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалды», – делінген ресми мәлімдемеде.

2025 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты бұл келісімді заңды деп танып, Мұрат Боранбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Сонымен қатар келтірілген залалдың толық өтелгені хабарланды.

Comments