Жастарға арналған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» байқауына өтінім қабылдау басталды

1465
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sm4KhGUoOQTxOFRvNVEemZ8GEXaAo1gt5CXD88Uc.jpg

2025 жылдың 20 маусымында Астанада жыл сайынғы «Jas Keñes Sıylığı» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды.

Бұл сыйлық 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған. Оның мақсаты – еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі салаларында жетістікке жеткен жас мамандарды қолдау және ынталандыру.

Биылғы байқауда жаңа салалар енгізіліп, номинациялар саны 7-ден 10-ға дейін кеңейтілді. Енді сыйлыққа жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі салаларының өкілдері де үміткер бола алады.

Байқауға 35 жасқа толмаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Өтінімдер 2025 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында www.jas-kenes.kz/application сайтында қабылданады. Іріктеу үш кезеңнен тұрады, нәтижесінде әр номинациядан екі жеңімпаз анықталып, барлығы 20 жеңімпазға 1 миллион теңгеден табысталады. Жүлде қоры – 20 миллион теңге. Сыйлықтың бас серіктесі – Brave Talents компаниясы.

«Jas Keñes Sıylığı» – жастардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды жоба болып саналады. Сыйлық туралы толық ақпаратты www.jas-kenes.kz сайтынан алуға болады.

Comments