Астанада ер адам әйелін пышақтап, 25-қабаттан секіріп кеткен

1212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/pyshaқ-sұғyp-alғan.jpg

19 маусым күні Астанада ер адам азаматтық некедегі жұбайын пышақтап, артынша көпқабатты үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, әйел адамға төрт рет пышақ салынған, әрі бұл оқиға баласының көз алдында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, қанды оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған.

Полиция мәліметінше, ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болып, 25-қабаттан секірген. Ауыр жарақат алған ол дереу медицина мекемесіне жеткізілген. Қазір ол Ұлттық ортопедия және травматология орталығында ем алып жатыр.

Қаза болған әйелдің артында екі баласы қалғаны белгілі.

Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеудің басқа мәліметтерін ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды.

Comments