Иран мен Израильдегі қақтығыста зардап шеккен қазақстандықтар бар ма?

1497
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NwYa6y3alOlrzSoc97sVqIQXkMmpbEipOhnPUqgU.jpg

Иран мен Израильдегі қақтығыстарға байланысты қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. (…) Біздегі мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Иранда 132, ал Израильде 219 Қазақстан азаматы бар. Азаматтарымыздан аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауға және қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамыз», – деді Смадияров дүйсенбі күні өткен СІМ брифингінде.

Сондай-ақ ол соңғы күндері Сыртқы істер министрлігі Ираннан Қазақстан азаматтарын елге қайтаруға көмектескенін атап өтті. Атап айтқанда, 74 азамат Ираннан Әзербайжан мен Түрікменстан арқылы шығарылған.

«Қазіргі уақытта азаматтар мен дипломаттарды эвакуациялау жоспарда жоқ», – деп қосты министрлік өкілі.

Comments