Биыл Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеді

3963
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-15_175403828.png
Ұлттық статистика бюросы елдегі туу көрсеткіші туралы мәліметтерді келтірді. Өткен жылдан бері ол 7 пайызға төмендеген, деп хабарлайды "Адырна" порталы.  Алғашқы бес айда 161,5 мың сәби дүниеге келді, бұл өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 7,8 пайызға аз. Дегенмен, жалпы Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3 пайызға өсіп, 19 миллион 222,6 мың адамға жетті.
«2022 жылғы қаңтар-мамырда халықтың сыртқы көші-қон көрсеткіші бойынша 2807 адамға азайған: Қазақстанға 6227 адам келді, 9034 адам кетті» делінген хабарламада.
 
Comments