Ұлттық статистика бюросы елдегі туу көрсеткіші туралы мәліметтерді келтірді. Өткен жылдан бері ол 7 пайызға төмендеген, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Алғашқы бес айда 161,5 мың сәби дүниеге келді, бұл өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 7,8 пайызға аз.
Дегенмен, жалпы Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3 пайызға өсіп, 19 миллион 222,6 мың адамға жетті.
«2022 жылғы қаңтар-мамырда халықтың сыртқы көші-қон көрсеткіші бойынша 2807 адамға азайған: Қазақстанға 6227 адам келді, 9034 адам кетті» делінген хабарламада.
Новости по теме
Депутаты демпартии «Ак жол» требуют от минздрава обязать ТОО «СК-Фармация» работать с частными аптеками и организовать доставку лекарств в регионы и малые города
Глава государства в трудную минуту уделил большое внимание образовательной сфере страны-депутат Жулдыз Сулейменова