Көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жемқорлық жасағаны үшін сотталды

2269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/eed95860-eb28-49fa-9f83-2a8d4929b0f5-960x500.jpeg?token=c91650d281a07f77eb9f4399f4d53b0d
ШҚО бойынша КБИ 7 қызметкері жүйелі жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Олар 2021 жылғы шілде-қыркүйек аралығында алдын ала сөз байласу арқылы жүк тасымалдаушылардан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұру және жалпы қамқорлық үшін 10-нан 300 мың теңгеге дейін пара алды»,– делінген хабарламада.
Comments