Түлектердің ұлттық, жаһандық тұлға болуы маңызды – Давронжон Гаипов

3873
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/03f41398-fa06-4bf9-9313-db063bdc045f.jpeg
2 маусым күні Сулейман Демирель атындағы университетте қызметкерлердің басшылықпен кездесуі өтті. Жоғары оқу орнының ректоры және проректорлар 2021-2022 жж. оқу жылының қорытындысы бойынша есеп беріп, осы уақыт аралығында университеттің жеткен жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ алға қойылған мақсаттармен, жоспарлармен бөлісті.
«Университетіміз 4 мәселеге басымдық береді: білім беру деңгейі, инновация, ғылыми зерттеулер, түлектеріміздің кәсібилігі. Түлектердің ұлттық, жаһандық тұлға болуы маңызды. Ал құндылықтарымыз: өмір бойы білім алу, инновация, шеберлік, үйлесімділік, адалдық. Осы құндылықтарымыз заманға сай жаңарып отыруы керек», – деді СДУ ректоры Давронжон Гаипов.
Жиынның екінші бөлімінде қызметкерлер ректорға көкейінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты.        
Comments