Порошенконы Польшаға барар шекарадан өткізбей қойды

3308
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/rtx6sb7m-pic_32ratio_900x600-900x600-85575.jpg
Украинаның экс-Президенті Петр Порошенко Польшаға өтпек болғанда оны шекарадан өткізбей қойған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
 "Европейская солидарность" партиясының мәліметінше, Порошенко НАТО-ның Вильнюсте өтетін парламенттік ассамблеясы жиынына қатысуға тиіс болған. Оның қолында Жоғарғы рада төрағасының бұйрығы да болыпты.
"Рава-Русская пунктіндегі шекарашылар бұйрықтың күші жойылғаны немесе жалған екенін алға тартты" деп жазылған "Европейская солидарность" партиясының телеграмдағы хабарламасында.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Comments