Тәлібтер тәжіктің жүк көліктерін өткізбей жатыр

2528
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/zagruzhennoe-13-1.jpg
Тәлібтер Тәжікстанмен шекараны жауып, Ауғанстанға тауар таситын жүк көліктерін өткізбей жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Азаттық" сайтының жазуынша, жүргізушілердің Шерхан-Бандар қаласында жатқанына бір аптадан асты. Бұл қала Ауғанстанның Тәжікстанмен шекарасында орналасқан.
Шекараның жабылып, тәжік жүк көліктерінің тәркіленуі екі ел арасындағы дүрдараздық ушыққанын көрсетеді-мыс.
Былтыр тамызда көрші елдерден тек жалғыз Тәжікстан ғана Ауғанстанда билікке тәліптердің келуін ашық сынап, бұл әскери топ аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретінін айтқан болатын.
 

"Адырна" ұлттық порталы.

Comments