Үш айдың ішінде Қазақстанға 4 108 адам көшіп келген

2912
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/5016003f-1e21-4227-b0f6-58a8d19061fd.jpeg
Үш айдың ішінде Қазақстанға 4 108 адам келіп, 5 281-і көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келіп, тіркелгендердің саны 4 108 адамды, елімізден кеткендердің саны 5 281 адамды құрады, көші-қон айырымы – -1 173 адам»,–делінген хабарламада.
ТМД елдерінен келген және сол елдерге кеткен көшіп- онушылардың жалпы санынан үлесі 86% және 80,8% құрады. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (7 523 адам), Алматы (8 278 адам) және Шымкент (866 адам).

«Адырна» ұлттық порталы

Comments