14 мамырда Туринде «Евровидение» ән байқауының финалы өтті. Ондағы жеңісті украиналық Калуш оркестрі этно-рэп тобы жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазылар алқасының дауыс беруінің нәтижесі бойынша Украина төртінші орынға ие болды, бірақ осыдан кейін бірден халық дауысының көрсеткіштері жарияланып, Калуш оркестрі үлкен айырмашылықпен турнир кестесінде бірінші орынды иеленді. Көрермендер топқа мүмкін болатын 480 ұпайдан 439 ұпай берді. Барлығы 631 ұпай жиналды.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
Tokayev instructed to bring to justice the company that sent Kazakhstani people to the Hajj by deception