Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

3573
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/f60c19ae-3856-4216-ab96-33abddb545cb.jpeg
44 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын ресми түрде басқаратын болды. Бұл туралы Vesti.kz. сайты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сайттың хабарлауынша, ол бас бапкер болып бүгін, 6 мамырда Футбол федерациясында тағайындалған. Оған ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов қатысты.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасын Адиев басқарады деген ақпарат сәуір айында шыққан болатын. Ол былтыр Қарағандының «Шахтер» командасының бапкерлігінен кеткен. Адиевке дейін ұлттық құраманың бас бапкері міндетін Андрей Карпович атқарса, оған дейін Талғат Байсуфинов басшылық етті.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments