Ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты жаңғыртып, қоғамдық құндылықтарды нығайтатын жалпыхалықтық Наурыз мерекесіне орай, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына қарасты “Рухани жаңғыру” орталығы барша сырбойылықтарды “Ұлттық мерекеге ұлттық киіммен” атты этно-челенджді бастап, жыл сайын жаңғыртатын дәстүрге айналдыруды ұсынды.
«Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді өзіңнен баста!» ұранымен өтетін этно-челленджге аймақтағы мекемелер, тұрғындар өз үлестерін қосуда.
Айта кету керек, Амал мерекесінен бастау алған Сыр өңіріндегі мерекелік шаралар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, қайырымдылық шаралары, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, балалар үшін басты мерекеге айналдыру, қоршаған ортаны қорғау, қолөнер туындыларына қаморлық жасау бағыттарын қамтиды. Ал негізгі ірі шаралар 21-22 наурыз күндері аралығында өткізіледі деп жоспарлануда.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
The delegation of senates of Kazakhstan and Uzbekistan got acquainted with the work of the fish processing plant "Aral SeaFood"