ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинадан оралатын алғашқы рейс 27 ақпанға шегерілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров алғашқы репатриациялық рейс 26 ақпанда таңертең жүзеге асырылады деп жоспарланғанын немесе 27 ақпанға шегерілетінін айтты.
"Польша шекарасында біздің азаматтарды тасымалдаған автобустар қазір көп шақырым кептелісте тұр. Бір автобус шекара бекетінде 7 сағаттан бері тұр. Ішінде әйелдер мен балалар бар. Жағдайды түсініп тұрсыздар ғой. Сондықтан барлығын сабырға шақырамыз. Алдағы уақытта басқа да репатриация рейстері ұйымдастырылады», - деді Смадияров.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
