Мемлекет басшысының эксклюзивті сұхбаты қашан, қай арнадан көрсетілмек?

2931
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/toқaevphoto_332093-960x500.jpeg?token=e961bba9badf2ffd62a21659a2cb1f1c
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбатының қай уақытта, қай арнадан көсретілетіні белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы президенттің бас хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 
"Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі. Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді" деп жазды ол Facebook желісінде.

"Адырна" ұлттық порталы 

Comments