«Самұрық-Қазына» сатып алу жүйесін 1 айда реттеуі тиіс – Тоқаев

2764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/19fe747d-cfd9-448a-9987-c7fdd88ed140.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорын реформалауды тапсырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Мемлекет басшысы өз сөзінде қордың жұмысы ашық жүргізілмейтінін алға тартты.
«Қорға тым көп ақша кетеді. Бұның бәрі қоғамның ашуына тиеді. «Самұрық-Қазына» қорына сатып алу жүйесін 1 айда реттеуді тапсырамын. Мен қорды түбегейлі реформалау міндетін алға қойдым. Бұл туралы Сәтқалиевпен («Самұрық-Қазына» қорының басшысы - ред.) сөйлестік. Егер ол реформалау міндетін орындай алмаса, кетеді, онымен бірге қордың өзі де келмеске кетеді»,- деп атап өтті Президент.
Comments