Қазақстанда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру туралы петицияға қол жинау басталды. 19 қаңтардағы мәлімет бойынша, оған қол қойғандар 2 мыңға жуықтады.
Петиция авторы онда "Тұңғыш президент туралы" заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа қандай артықшылықтар берілгенін еске салған:
- Назарбаевты ұстауға қамауға, тінтуге, тергеуге болмайды, оған және отбасына тиесілі мүліктерге қол сұғуға тыйым салынған;
- Назарбаев пен отбасы өмір бойы күзетіледі, экс-президенттің өмірі мен денсаулығы сақтандырылған;
- Оған президент жалақысының 80 пайызына тең зейнетақы төленеді, онымен бірге тұрған отбасы мүшесінің әрқайсысына ай сайын жәрдемақы төленеді;