ҰҚШҰ белорус бітімгерлері мінген он ұшақ Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостигесілтеме жасап.
"Беларусь Республикасының ҰҚШҰ бітімгерлері мінген он ұшақ, Жетіген әуеайлағынан Минск облысына ұшып кетті. Армения Республикасы мен Тәжікстан Республикасының бітімгершілік контингенті де тұрақты пункттеріне Ресейдің Әуе-ғарыш күштері ұшағымен жеткізіледі", - делінген Ресей Қорғаныс министрлігі хабарламасында.Сондай-ақ, Армения, Беларусь және Тәжікстанның бітімгерлері үйіне қайту үшін "Жетіген" және "Алматы" әуеайлақтарында РФ Әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтарына техника мен жеке құрамды тиеуге кіріскені айтылды.
Related news
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar