Таразда Іле аудандық мәслихат депутатына шабуыл жасалды

1272
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-32-960x500.jpg?token=9fa7f6543fec3673d5c856df56278684
Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты, адвокат Нұрлан Байғазиевті соққыға жықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Байғазиев Тараз қаласына клиенттерімен кездесу үшін барған. 13 мамыр күні кешке оған кафе ішінде шабуыл жасалған. Алдын ала мәлімет бойынша, соққылар кастетпен жасалған болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің бет сүйегі сынған. Ол ауруханада шамамен алты сағат болған. "Науқас сол жақ бет сүйегінің  сыну диагнозымен жеткізілді. Теріде жарақат жоқ. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Госпитализация ұсынылды, бірақ ол емделуден үзілді-кесілді бас тартты" - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Полиция бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталған. "Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.
评论