Ресейдің Владимир облысында әскери бөлім аумағында жарылыс болды

1065
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/whatsapp-image-2025-04-23-at-09.42.57-960x500.png?token=047c88ed925740be680a496b9b2a1034

Ресейдің Владимир облысындағы Киржач ауданында орналасқан әскери бөлім аумағында оқ-дәрілердің детонациясынан кейін жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттыққ порталы DW-ге сілтеме жасап. 

Ресей Қорғаныс министрлігі жарылыстың қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан болғанын мәлімдеп, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Өртті сөндіруге әскери бөлім мен ТЖМ мамандары жұмылдырылған.

Telegram-дағы Astra арнасының хабарлауынша, жарылыс Барсово кентінің жанында орналасқан қорғаныс министрлігінің бас зымыран-артиллериялық басқармасына қарасты 51-ші арсенал аумағында болған. Украиналық Defence Express әскери порталы бұл қойманың жалпы аумағы шамамен 3,5 шаршы шақырым екенін атап өтті.

Киржач ауданында төтенше жағдай жарияланды. Владимир облысының губернаторы Александр Авдеевтің айтуынша, жарылыстар ықтимал қауіп төндіруі мүмкін аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр, барлық төтенше қызметтер жұмылдырылған.

Baza Telegram-арнасы әскери бөлім аумағында 10-11 жарылыс болғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан әскери бөлімде зардап шеккендер жоқ. Алайда бір жергілікті тұрғын миналы-жарылыс жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған. Ол снаряд түсіп кеткен кезде жараланған.

评论