Етке қамырдың орнына қырыққабат қосқан. Блогер сын астында қалды

2140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_9007-960x500.jpeg?token=c02542118403bd4697b99019c3c39f99
Әлеужеліде өзін дұрыс тамақтану бойынша “кеңесші” деп таныстырған әйел бешбармақтың “ПП-нұсқасын” (ред.дұрыс тамақтануға бейімделген түрін) жариялап, жұртшылықтың назарына ілікті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. @kamshat_tku есімді қолданушының айтуынша, ауызашар кезінде қамыр асқазанға ауыр тиетіндіктен, ол дәстүрлі қамырдың орнына қырыққабатты қолданған. «Ауызашарда қамыр асқазанға тым ауыр. Сондықтан мен оны капустамен алмастырдым. Сіздің ағзаңыз алғыс айтады», – деп жазды автор бейнежазба сипаттамасында. Алайда ұлттық тағамның мұндай нұсқасы бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Желі қолданушылары бірден өз пікірлерін білдірді. «Бешбармақты бұлай қорлаған ешкім болмаған», «Күйеуім бешбармақты ең көп ұнататыны – қамыры», «Бұл борщ қой. Бешбармақпен шатастырмаңыздар», «Біздің ата-бабаларымыз бұған қарап шошып жатқан болар» деп жазған.
评论