Бизнес серіктесі өлтірген болуы мүмкін. Алматыдан күйген адамның денесі табылды

943
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/policziya-kөligi-960x500.jpg?token=6126ce0faa44f46978476eb078b4846b
Алматыда Қарасай ауданынан күйген адамның денесі бар өртенген автокөлік табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оқиға орнынан түсірілген видео «Письма Президенту» Telegram-арнасында жарияланған. Ақпаратқа сәйкес, көлік 31 наурызда демалыс аймағының маңынан табылған. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру фактісі бойынша алдын ала тергеу басталған. «Жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада. Полиция қылмыстың егжей-тегжейін ашып айтпады, бірақ әлеуметтік желілерде күдікті өз бизнес-серіктесін балғамен басынан ұрып өлтіріп, кейін ізін жасыру үшін мәйітті көлікпен бірге өртеп, қашып кеткені айтылуда.
评论
其他材料